Аймақтар • 24 Тамыз, 2019

Павлодарда  үздік мектептерге 30 миллион теңгенің сертификаты табысталды  

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында өткен қалалық Тамыз кеңесінде 2018-2019 оқу жылының қорытындысы шығарылды.

Павлодарда  үздік мектептерге 30 миллион теңгенің сертификаты табысталды   

Қалалық Білім беру бөлімінің басшысы Самал Айтқазинаның  мәлімдеуінше, биыл қалалық білім беру жүйесінің қаржыландырылуы 18 млрд теңгеден асқан.

Жаңа оқу жылына дейін 14 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жасалып,  283 миллион теңге жұмсалған.

Оқушыларды қажетті оқулықтармен қамтамасыз ету үшін жаңа оқу жылында 508,6 миллион теңге бөлінген.

   Жоғары кәсібилігі үшін  Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен Айман Түкенова, Гүлнәр Қазкенова, Ермек Әубәкір, Гүлмира  Есмақаева,  Сабира Жамбылқызы, Елена Дорн, Гулхан Жұмабай, Қуаныш Мейрамұлы, Блок Наталья және басқа да мұғалімдер мараптатталды.

  Сондай-ақ «Алтын есімдер кітабына»  Сәуле Хасанова, Николай  Силкин, Гульсина  Шиндлярскаяның есімдері жазылды.

Ал  2018-2019 оқу жылындағы рейтингтік бағасы бойынша үздік атанған  №120 балабақша мен №34 мектеп әрқайсысы 6 миллион теңгенің, №126 балабақша мен М. Әуезов атындағы мектеп әрқайсысы 5 миллион теңгенің, №49 балабақша мен Б. Момышұлы атындағы мектеп әрқайсысы 4 миллион теңгенің сертификаттарын алды.

 Сонымен бірге  №34 мектеп пен «Экология және туризм балалар орталығы» балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша өткен «Жаз-2019» қалалық байқаудың жеңімпаздары атанып, қаржылай сыйлық табыс етілді.

ПАВЛОДАР

Суретті түсірген: Ольга Бугаева